Бұл SCP-016-KZ пе? Иә. Шынымен бе?
  • rating: +3+–x

Нысан нөмірі SCP-016-KZ пe?
Иә.

Нысан тобы Евклид пe?
Иә.

Сұрақтар мен жауаптарсыз жазуды жалғастыра аламын ба?
Жоқ.

Нысан 9-Аймақта орналасқан ба?
Иә.

Нысан аймақтан шықпауы керек пе?
Иә.

Нысан қоршау камерасында сақталған ба?
Жоқ.

3 деңгейдегі адамдар біле ме?
Иә.

3 деңгейден жоғары, біле ме?
Иә.

3 деңгейден төмен, біле ме?
Жоқ.

Нысанның кураторы Доктор ████ ба?
Иә.

Ол нысанның жалғыз кураторы ма?
Иә.

Қазіргі уақытта оған көмекші керек пе?
Жоқ.

Нысан мемагент пе?
Иә.

Нысан тұжырымдамалық жаратылыс па?
Иә.

Нысаны ақпараттық ортада сақтауға бола ма?
Жоқ.

Нысанды тек сұрақ қойып сипаттауға бола ма?
Иә.

Сұрақтағы сөздердің саны 7-ден аспауы керек пе?
Иә.

Сұрақтар бір-біріне қайшы келуі мүмкін бе?
Жоқ.

Ережелерді бұзу мүмкін бе?
Иә.

Егер ереже бұзылса жаман нәрсе бола ма?
Иә.

Не болатынын біз білеміз бе?
Жоқ.

Бірақ біз жаман болатынын білеміз бе?
Иә.

Болжамның арқасында білеміз бе?
Иә.

Болжам әдісін жариялауға бола ма?
Жоқ.

Нысан меметика бөлімінен пайда болды ма?
Иә.

Нысан кездейсоқ пайда болды ма?
Иә.

Мұндай кездейсоқтықты болжау мүмкін бе еді?
Жоқ.

SCP-055-ке қатысты ма?
Иә.

Бөлім нысан арқылы SCP-055-ті зерттегісі келген бе?
Иә.

О5 Кеңесі бұл туралы білді ме?
Жоқ.

Доктор ████ тасымалдаушы ма?
Иә.

Доктор ████ жалақы алып отыр ма?
Иә.

Қалай емдеу керектігін білеміз бе?
Жоқ.

Доктор ████ өзі тасымалдаушы болғысы келді ме?
Иә.

Басқа біреу нысанның тасымалдаушысы бола ала ма?
Иә.

Басқа адамды тасымалдаушы етуге бола ма?
Жоқ.


« SCP-015 | SCP-016 | SCP-017 »

Unless otherwise stated, the content of this page is licensed under Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 License