-
Info
Атау: SCP-015-KZ - Өлім мотоциклі
Жазушы: DrKairosh
Күн: 6 қыркүйек 2024
Сурет: File:Car vs motorcycle accident.jpg - CC BY-SA 3.0
Нысан №: SCP-015-KZ.
Нысан тобы: Евклид.
Қауіпсіздік Ұстап Сақтауы: Қазіргі уақытта Германиядағы 15DE-аймақта, көліктер қоймасында бақылауда тұр.
Сипаттама: SCP-015 - белгісіз қарапайым ақ және қызыл түсті мотоциклі болып табылады. Қалыпты жағдайда сыртынан қарағанда SCP-015 басқа сонымен моделі бірдей мотоциклдерден еш айырмашылығы жоқ, бірақ нысанның аномалиялық ерекшелігі SCP-015-ті бір тұлға айдағаннан кейін белгілі бір қашықтықтан кейін ол әлдеқалай жол апатына ұшырайтыны белгілі. Нысанмен байланысты құжатталған оқиғаларда субъектілердің тек біреуі жарақат алды, ал біреуі қайтыс болды. SCP-015-тің осы уақытқа дейін, яғни оқшауға алынғанға дейін 3 иесі болған.
SCP-015-тің өткен иелерінің тұлғалары:
SCP-015-1: Нил Майк - 32 жастағы жігіт.
SCP-015-2: Джо Парснос - 26 жастағы жігіт.
SCP-015-3: Эрберн Одинстайн - 37 жастағы жігіт.
Нысанның ісін тергеу кезінде SCP-015-ті жүргізу барысында барлық жүргізушілер мотоциклдің қандай да бір түрмен сынуына әкелетін апатқа апарғандары ескерілді, бірақ апаттан бірнеше сағат өткеннен кейін SCP-015 тұрған орнынан кенеттен жоғалып, бірнеше күннен кейін апат орын алған жердің бір бұрышында бүтін күйінде пайда болатыны байқалды. Барлық белгілі жағдайларда апат орын алған жерде, яғни кейін бүтін SCP-015-тің пайда болатын жерінде ешқандай бейнебақылау камералары болмайды, сондықтан нысанды ол жерге біреу қалай да болсын әкеледі ме, әлде өзі пайда болама белгісіз.
Құжат-015-01:
██/██/20██, Нил Майк ███████ қаласынан ███████ 120 км/сағ жылдамдықпен бара жатқанда, жолда оның қырына көк түсті көлік соғылды. Салдалыранан Нил Майк мотоциклінен алға ұшып жерге құлады, ал артынан басқа келе жатқан көліктің астында қалып, мерт болды.
Құжат-015-02:
Джо Парснос █████████, Германиядағы автомагистральде досымен жарысып жүрген кезде, үлкен жылдамдықта автотранспорттың басқаруын жоғалтып жолдың ортасында SCP-015-тің шетімен сырғып құлайды. Айдап келе жатқанда жолды басқа келе жатқан көлік болмағандықтан тек оң аяғын жарақаттап, тірі қалды.
Құжат-015-03:
██/██/20██, Гамбург қаласын айналып жүретін көпірде, Эрберн Одинстайнның артынан келе жатқан көлік оны көпірден соғып түсірді. Бұл жол апатында, көліктің иесі ол кезде Одинстайнды әдейі қағып кетпегенін мәлімдейді, оның көлігінің тежегіш жүйесі бұзылғанын айтады. Ақыр аяғында Эрберн Одинстайн үсті-асты барлығы сал болып қалады, бірақ 17/06/2022-де белгілі бір себеппен қайтыс болады, алайда оның өлімі нысанмен байланысты еместігі анықталды.
Мен баяғы "Құжат-015-02"-ден бастап SCP-015-тің біртүрлі екенін сезгенмін, апаттан кейінгі бір-екі күннің ішінде 015-пен ешқандай соғылыс болмағандай болып, бір жақ бұрышта өзімен-өзі тұрды. Мен оны екі рет көргенмін, бірақ оның аномалды екендігін және оны тезірек оқшауға алсын деген ұсынымды біраз уақыт ешкім көрмеді. — Далалық агент "Қылыш"
« SCP-014-KZ | SCP-015-KZ | SCP-016-KZ »


