SCP-014-KZ - Ажалды

Нысан №: SCP-014-KZ.

Нысан тобы: Бейтараптандырылған.

Қауіпсіздік Ұстап Сақтауы: SCP-014 11-ауданның гуманоидты нысандарға арналған камерасында аномальді ерекшеліктері анықталмағанша уақытша сақталуы керек. Камераны әр уақытта кем дегенде 2 қауіпсіздік қызметкері күзеттеуі қажет.

Сипаттама: SCP-014 немесе Джесси ███████ — 17 жастағы еуропалық қыз. SCP-014 денесінде ешқандай аномальді болып саналатын ауытқу табылмады, дегенмен нысанның Қорда сақталуының себебі SCP-014-1-мен тығыз байланысы.

SCP-014-1 — G-719 [sic] жойғыш ұшағының ұшқышы. Ұшқыштың Сұхбат 014-А-да берген ақпаратқа сәйкес ұшақ Паттерн Бөлімінің бұйрығымен жасалып шығарылған.

Қазіргі уақытта не ұшақ, не ұшқыш Қордың сақталуында емес; G-719-ды ұстау әрекеттерінің бәрі сәтсіз аяқталды, ал артынан қолауға басқа ұшақтарды жіберген жағдайда SCP-014-1 әр жолы жіберілген ұшақтар керек жерге жетпей тұрып құтылып кете беретін. Ұшқыш ше барысында 11-аудандағы өзінің камерасынан қашып кетті (Оқиға-2359-ды қараңыз).

G-719-дың ұшқышы шамамен 24 жастағы жапон қыз, шын есімі белгісіз, бірақ 11-ауданда болған кезінде өзін «Сорю» деп таныстырды.

Табылу тарихы: Алғаш SCP-014-1-дің бар екені 07.10.22 Қордың құпия барлау агенті [ДЕРЕКТЕР ҚҰПИЯЛАНДЫРЫЛҒАН] SCP-014-пен бірге біркелкі адам аз кварталда кездейсоқ бірдей болып қалғанда анықталды. Агент SCP-014-1-мен кездеспей, G-719 атқан жерлерді зерттеп салыстырмағанша Жапониядағы Такаяма қаласында табыла беретін кратерлердің пайда болу себебі белгісіз еді.

Кратерлерді талдау ұшақтың зеңбірек оқтарының калибрі шамамен 30 мм екенін көрсетті.

23.12.22 Қор G-719-дың кімді қолап, атуға тырысып жүргені белгілі болды. Джесси ███████ табылғаннан кейін 11-ауданға жеткізіліп, сұхбат алынды. Сұхбатта көптеген сұрақтарға жауап беруге бас тартты, дегенмен белгілісі: SCP-014 ұшақтан бірнеше ай бойы қашып жүр және басқа елдерге ұшып кетсе де G-719 ақырында артынан бірнеше күннен кейін ұшып келеді. Джессидің сөзінше әр шабуыл сайын өзінің тірі қала беретініне өзі таңғалуда.

24.12.22 SCP-014-1 11-ауданға жаяу келіп, кіреберісте тұрған қауіпсіздік қызметкерлеріне беріледі. Қысқа тексерістен кейін одан сұхбат бірден алынады.

Сұхбат 014-А:

Күн: 24.12.22

Сұхбат алушы: Агент Шалқар

Сұхбат беруші: SCP-014-1


[ХАТТАМАНЫҢ БАСЫ]

Агент Шалқар бөлмеге кіреді де, SCP-014-1-дің алдындағы үстелге папканы қойып, өзі қарама қарсы отырады

Агент Шалқар: Мынаған қара, SCP-0…

SCP-014-1: «Сорю».

Агент Шалқар: Не?

SCP-014-1: Атым «Сорю» болады.

Агент Шалқар: …Жақсы. Қарай ғой, Сорю, мынау сенің жеке құжаттамаң, көріп тұрғаныңдай ол жіп-жіңішке, ішінде бір-ақ қана қағаз бар, оның үстіне ода түк те жазылмаған дерлік. Не атың жоқ, не… қысқасы сенің ланкестік әрекеттерге қатысты екеніңнен басқа ештеңе жоқ.

SCP-014-1: Бөлімдерің біздің әрекеттерімізді дұрыс түсінбеген сияқты, айтарым істеп жүргеніміз лаңкестікке жатпайды.

Агент Шалқар: «Біздің» деген кімдердің?

SCP-014-1: Паттерн Бөлімінің, Қордың бір департаменті.

Агент Шалқар басын қасиды

Агент Шалқар: Сен… біздікісің бе не?

SCP-014-1: Уақытша. Тек тапсырмам аяқталғанша.

Агент Шалқар: Ал ол не тапсырма?

SCP-014-1: Джессиді жою. Кім екенін әлдеқашан білесіңдер ғой, иә?

Агент Шалқар: Білетіні білеміз ғой, алайда Джессиді Паттерн Бөлімі неге өлтірмекші?

SCP-014-1: Біздің есептеуіміз бойынша… Яғни Паттерн Бөлімінің есептеуі бойынша, мен жай ғана олар жасап шыққан ұшақтың ұшқышымын, — SCP-001 өз мақсатына жету үшін Джессиді өзіне көмекші ретінде алмақшы. Алдымен ол оған өзі ие болатын қабілетті үйретуі керек, дегенмен біз әлі қалай үйрететінін білмейміз.

SCP-014-1 көзімен үстіге қарайды да, бір сәтке ойланып қалады

SCP-014-1: Әрбірдесін оны білуіміздің де керегі жоқ, Джесси өлсе менің жұмысым осы таймлайнда бітеді.

Агент Шалқар: Сонда Джесси басқа таймлайндарда да бар ма? Кешіре гөр, мен 001-дің құжаттамасын оқымағанмын, таймландар туралы тек сәл естігенмін.

SCP-014-1: Дұрыс, Джесси әр таймлайнда бар, мен де. Және Джесси әр таймлайнда менің қолымнан ажал тапты.

SCP-014-1 күрсінеді

SCP-014-1: Байғұс қыз, тағдыры сондай енді…

Агент Шалқар бір нүктеге қадала қарап, ойға батады

Агент Шалқар: А! Ұмытып кете жаздадым — …Бұл не?

Агент Шалқар қалтасынан мыжылған қара түсті матаны алып шығып, SCP-014-1-ге көрсетеді

SCP-014-1: О Құдай! Мыжып тастағаның не?! Бұл менің көз таңғышым ғой — үйтіп былапыт ұстасаң ішіндегі микросхемаларды бұзып алмайсың ба?! Бол, бер маған!

SCP-014-1 орындығынан секіре көз таңғышына қарай тартылады

Агент Шалқар: Тоқтай тұр! Отыр орныңа, егер мұның қалай жұмыс істейтінін түсіндірсең қайта берермін саған.

SCP-014-1 қайта күрсінеді

SCP-014-1: Келістік.

Агент Шалқар: Ал, мұнымен не істейді? Көзіме тағамын ба?

SCP-014-1: Сен тақсаң жұмыс істемейді, ол тек менің көздерімді таниды. Қане, бер маған, не істей алатынын көрсетемін…

Агент Шалқар көз таңғышты береді де, SCP-014-1 оны өз көзіне таңады

Агент Шалқар: Бір нәрсе көріп тұрсың ба өзі?

SCP-014-1 ақырын басын ары-бері бұрып, бөлменің әр жеріне қарап шығады

SCP-014-1: (көз таңғышқа) «Алтын қима: алдымдағы кісіні жарылыстан сақтау»

Агент Шалқар: Не? Эй-эй-эй, не қылайын деп тұрғаныңды білмеймін, бірақ айтып қояйын — сыртта екі күзетші тұр. Ондай ештеңені ойлама да. Қайтар көз таңғышыңды…

SCP-014-1: Ха-ха-ха! Жай қалжыңдап жатырмын ғой, қорықпа…

SCP-014-1 тізесімен үстелге тиіп кетіп, үстіндегі қағаз стақанды құлатып алады да, жерге су төгіледі

Агент Шалқар: Түй, ақырын! Үстіме төгіле жаздады ғой…

Агент Шалқар стақанды алу үшін еңкейеді де, басын көтеріліп жатқанда үстелге ұрып алып, бөтелке суды үстіне төгіп алады. Су Агенттің кеудесінде тұрған рациясына төгіледі

Агент Шалқар: Ай, раббым! Не бәле бұл?!

Агент Шалқар орнынан секіре тұрып, рацияны қоса алмай, оны шайқай бастайды

Агент Шалқар: Өркен… Өркен, естіле ме?.. Қап, қап, қап!..

Агент Шалқар қалтасынан есіктің кілтін алып шығады да, есікке жақындағанда жердегі судың кесірінен тайғанап құлайды

Агент Шалқар: Сен…

Агент Шалқар ентігіп дем ала бастайды

Агент Шалқар: Күзетшілер!!! Шығарыңдар мені!

Есік кенет ашылады да, Агент Шалқарды бөлмеден екі күзетші сүйретіп алып шығады

SCP-014-1: «Алтын қима: мені жарылыстан сақтау».

SCP-014-1 ары-бері қарайды да, бөлменің бір шетіне отырып алады

Күзетші: Бетіңдегіні шеш! Дәл қазір, бол!

11-ауданның оң қанаты жарылады, бөлмеде шаң көтеріліп тұрғанда SCP-014-1 қабырғада пайда болған тесік арқылы сыртқа қашып кетеді

[ХАТТАМАНЫҢ СОҢЫ]

Оқиға-2359:

24.12.22, сағат 23:47-де 11-ауданның оң қанатын G-719 жарғаннан кейін ұшақ ауданның ауласына қонады да SCP-014-1-ді алып ұшып кетеді.

Жарылыстан кейін SCP-014-ке қауіп төнгендіктен оны 11-ауданнан басқа аймаққа дереу жіберу керек деген бұйрық берілді. 23:58-де нысан брондалған машинаға отырғызылып, ауданнан енді шыққанда кенеттен G-719 қайта ұшып келеді де, машинаға шабуыл жасап, ақырында жарып жібереді. Машинадағы барлық адам, SCP-014-ті қосқанда, сол жерде қайтыс болады.

Не G-719, не SCP-014-1 содан бері байқалмады.

Қосымша:


« SCP-013-KZ | SCP-014-KZ | SCP-015-KZ »

Unless otherwise stated, the content of this page is licensed under Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 License