SCP-007-KZ - Айыр көмей, жез таңдай
  • rating: +4+–x

007.jpeg

SCP-007

НЫСАН №:

007-KZ

НЫСАН ТОБЫ:

ЕВКЛИД


Қауіпсіздік Ұстап Сақтауы: SCP-007 көлемі 9x10x4 метр дыбыс өткізбейтін бөлмеде орналасқан. Бөлменің іші антикварлық жиһазбен жабдықталған, мысалы, кереует ретінде қызмет ете алатын диван, классикалық әдебиет кітаптарымен толтырылған сөре; қара ағаштан жасалған кофе үстелі; қара ағаштан жасалған кереует алды тумбасы; жұмсақ жарықты шам; антикварлық винилді ойнатқыш және арнайы жасалған "Im Heidenwald Elfgaards & Ensomhet"-тің винил пластинасы1; бүкіл дерлік еденді жабып тұратын сұр кілем. Қабырғаларда қайталанатын гүл оюлы тұсқағаздар мен Пабло Пикассоның бірнеше суреттері бар.

Нысан қол жетімді кез келген кітапты, тағамды немесе алкогольді ішімдіктерді сұрай алады (SCP-007-нің сақтау уақыты кезеңінде ол алкогольді қанша ішсе де ол ешқашан мас болмайтынын көрсетті). Сондай-ақ, нысаннан түскен кез келген шағым тыңдалып, назарға алынуы тиіс және әңгіме кезінде, әдеттегідей, SCP-007-мен құрметпен сөйлесу қажет.

Нысанды тасымалдау үшін оған хлороформды пайдаланып, уақытша ұйықтатып, SCP-007-нің сөйлеуге қол жетімділігін шектеу керек. Ұзақ қашықтыққа тасымалдау кезінде, мысалы, нысанды басқа аймаққа тасымалдау қажеттілігі болса, бағана сипатталған тармақтармен қатар ішінде дыбыс өткізбейтін камерасы бар арнайы фургон да қосылады. Егер қандай да бір жолмен қауіпсіздік сақтауының бұзушылығы орын алса, қауіпсіздік қызметкерлері мен күзетшілер RES-007-ге қатысты зорлық-зомбылықты қолданбауға мүмкіндігінше тырысуы керек.

Сипаттама: Нысан еуропалық еркекке ұқсайды, терісі ақшыл және қара, сәл бұйра қысқа шашы бар. SCP-007 ақ жейде, қара желетке мен галстук, қара шалбар мен қоңыр лоферлер кигенді жөн көреді. SCP-007 сабырлы және көпшіл мінезге ие және үнемі кішкене күлімсіреп жүреді. Нысанның көздері жасыл реңкке ие. Ол денесі жасы шамамен 25 жаста болатын орташа ер адамның дене бітіміне ие. Нысан ешқашан тамақ ішпейтініне қарамастан, оның салмағы 68 келі 175 сантиметрді құрайды және ай сайынғы денсаулық тексерулердің қорытындысы бойынша SCP-007 бірде-бір килограмм салмақ не жоғалтпаған, не қоспаған.

SCP-007-нің нақты тұлғасын біраз уақыт анықтау мүмкін болмады, себебі нысан бірінші рет табылғанда 6-аймақтағы жалғыз генетик зерттеушісі (доктор █████) нысанмен жұмыс істеуден және оның тұлғасын әшкерелеуден бас тартып, нысанмен қандай да бір келісім-шарт жасасқанын айтты. Келісім-шарт бүгінгі күнге дейін құпия болып қалды. Бірнеше күннен кейін, басқа аймақтан келген генетиктің сәтті жұмысынан кейін, SCP-007-нің тұлғасы елдің барлық тұрғындардың деректер базасында әлдеқашан жоқ екені белгілі болды. Белгілі болғаны, доктор █████ мен нысан оқшаулаудың бірінші күні қысқаша әңгімелесті.

Табылу мән-жайы: 2001 жылдың 5 қыркүйегінен 2002 жылдың 4 қаңтарына дейін Нью-Йоркте SCP-007 банк кассирлерімен жай сөйлесіп, несиені өздерінің атына алуға көндіру арқылы Wells Fargo банкінен жалпы қосындыда 4200 доллар "ұрлағаны" белгілі болды. Кассирлер өздерін несие алуға қалай көндіргенін түсінбейтініне сендірді, бірақ олар нысанның барлық сөздері өте сенімді естілді деп айтты. Бұл іске банк директоры араласып, келесі жолы банкіге SCP-007 келгенде, оның және кассирдың арасындағы әңгіменің аудиожазбаларын жасады, бірақ тура сол күні ол жазбаларды банк қызметкерлерінің бірі өшіріп тастаған. Банк қайтадан аудиожазба жасауға әрекеттенді, бірақ ол сәттен бері SCP-007 банкке келуді тоқтатты. Дәл сол күні нысан іздеуге жарияланды.

5 қаңтарда SCP-007 көшеде ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Онымен бірге нысанның қалтасында 1000 долларлық чек табылды, ал "Адресат" учаскесінде "Лоуренс" аты жазылып тұрды. SCP-007 полиция қызметкерлерін ол олар іздеген қылмыскер емес екеніне сендіріп, полиция бөлімшесінен кетіп қалды, тіпті әлі уақытша камераға қамауға алынбай. 7-8 қаңтарда SCP-007 полиция қызметкерлерінен қайтадан дәл осылай құтылды.

SCP-007 осы уақыт бойы Нью-Йорктегі ол оның ақшасын ешқашан төлемеген пәтерде тұрды, бірақ бірдеңе етіп пәтердің иесін бірнеше ай алдын ала төлегеніне сендіріп жүрді. 10 қаңтарда таңертең нысанның тұратын мекеніне ФТБ басып кірді, содан кейін SCP-007 6-аймаққа жіберілді.


Доктор █████мен болған оқиғадан кейін және нысанның жасаған барлық әрекеттерін ескере отырып, нысанмен арнайы жабдықсыз әңгіме жүргізуге тыйым салынады деп шешілді. Осы мақсатта нысанның сақтау бөлмесіне жасанды интеллект арқылы сөйлемнің мағынасын өзгертпей, бірақ SCP-007-нің сөздерінің көпшілігін олардың синонимдеріне түрлендіретін бағдарламалық жасақтамасы бар микрофон орнатылды. Тәжірибеде нысанның шатастырылған реакциясына қарағанда, құрылғы мақсатына сай жұмыс істейді.

Бұл құжаттаманы жазу кезінде нысан «Лоуренс» атымен аталғысы келеді және кейбір басқа зерттеушілермен жақсы қарым-қатынаста, ал Ұйым SCP-007-ні өте «құнды» деп санайды. Мысалы, SCP-007 [ДЕРЕКТЕР ҚҰПИЯЛАНДЫРЫЛҒАН] арасындағы [ДЕРЕКТЕР ҚҰПИЯЛАНДЫРЫЛҒАН] болдырмай алады, және оған ұқсас басқа саяси мәселелерді алдын алу үшін пайдалануға болады.


« SCP-006-KZ | SCP-007-KZ | SCP-008-KZ »

Unless otherwise stated, the content of this page is licensed under Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 License