Белгілер бойынша көмек

Жеке беттердің белгілері

Бұл белгілер беттерді олардың түріне қарай жіктеуге арналған. Оларға:

  • сайт — бұл белгі сайттың құрылымдық беттерін белгілейді (белгімен тек әкімшілік қолданады).
  • scp — филиалға, тобына және мәртебеге қарамастан барлық нысандарға қойылады. Егер мақалада қосымшалар болса, белгі тек нысандардын өзіне қойылады.
  • әңгіме — филиалға қарамастан барлық әңгімелерге қойылады.
  • қор — SCP Қорының әлеміне қатысты беттер
  • хаб — филиалға қарамастан, канон-хабтардың, байланысты ұйымдардың, циклдердің негізгі беттеріне қойылады.
  • жеке_бет — Қор кейіпкерлерінің жеке беттері.
  • авторлық_бет — автор туралы адам ретінде кез келген ақпаратты орналастыруға арналған сайт мүшелерінің авторлық беттері.
  • component — component түріндегі барлық беттер
  • theme — theme түріндегі барлық беттер
  • fragment — fragment түріндегі барлық беттер

SCP нысандарына арналған белгілер

Бұл белгілер SCP-дің негізгі мүмкіндіктерін сипаттайды және тек белгіге сәйкес келетін нысандарға қойылады.

А

  • аномагнитизм — көп басқа аномалинялардың пайда болуына әкелетін немесе барларын өзіне «тартатын» аномалия.
  • ақыл — түсіну, сөйлесу және ойлауға иеленетін нысандар.
  • ақпарат_тасушы — ақпарат тасымалдағыш болып табылатын объект (кітап, диск, жазба, компьютер және т.б.) немесе осы тасымалдауыштағы тікелей ақпараты.
  • ақпараттық_қауіптілік — ақпаратті өзгертетін немесе жалпы ақпаратпен әрекеттесетін аномалия. Өзіне байланысты, оны сипаттайтын ақпартты өзгертетін нысандарға “мета” белгісі қойылады.
  • антимеметикалық — өзі немесе басқа нәрсе туралы ақпаратты қабылдаудың, есте сақтаудың және сақтаудың бұзылуын тудыратын аномалияны сипаттайтын нысан, құжат немесе оқиға.

Ә

  • әуелі — ауада немесе басқа газ тәріздес ортада орналасқан нысан, зат немесе локация.

Б

  • биологиялық_қауіптілік — биологиялық қоздырғыштардың көмегімен теріс әсер ететін нысан немесе осы қоздырғыштардың өздері.
Unless otherwise stated, the content of this page is licensed under Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 License