Нысан №: SCP-1973-RU-J.
Нысан тобы: Евклид.
Қауіпсіздік Ұстап Сақтауы: SCP-1973-J-дің аномальді әсері қауіпсіз болған соң ол қызметтен шеттелмеді. 7-аймақ қызметкерлерінің құпиялылығын Патафизика Бөлімі қамтамасыз етеді.
Сипаттама: SCP-1973-J - 7-аймақтың 45 жастағы тазалаушысы Гиви Зурабович Орджоникидзе болып табылады, 1973-А Оқиғасына дейін ол қарапайым грузин ұлтті ер кісі болып саналған. 2010 жылы 10 сәуірде қызмет көрсетуші персоналға арналған стандартты процедураға сәйкес жұмысқа жалданып алынған.
SCP-1973-J оған қол жеткізу мүмкін емес ақпаратты алуға мүмкіндік беретін қабілетке ие. Мысалы, ол бірінші рет көріп тұрған адамдардың атын біліп ала алады, немесе өзінде сағат болмағандығына қарамастан қазіргі уақытты біледі. SCP-1973-J оның айтуынша Қордағы жұмысын бастағаннан кейін осы қасиетке ие болды, бірақ Қор бұл туралы тек 1973-А Оқиғасынан кейін білді.
Аномалияның табиғатына қатысты келесі ақпарат тек Патафизика Бөлімінің қызметкерлеріне қолжетімді.
Оқиға 1973-А: Төменде 7-аймақта 2022 жылы 16 қазанда 1973-А Оқиғасының стенограммасы берілген. SCP-1973-J сөйлеу акценті эрративтер арқылы көрсетілген.
<ЖАЗБАНЫҢ БАСЫ>
[10:40:53] Хаос Көтерілісшілерінің тыңшысы Максим И████ қауіпсіздік қызметінің қызметкері Макс ████ фон Ш███████ болып жасырынып, «Қауіпсіз» тобындағы нысандар сақталған қанаттың дәлізімен жүріп келеді.
[10:41:02] Субъект дәлізбен жүріп бара жатқанда еденді доктор К қалдырып кеткен қаннан жуып жатқан SCP-1973-J-дің көзіне қарап қалып, тайғанап құлайды да қасындағы су құйылған шелекті төңкеріп алады.
SCP-1973-J: Е-е-е-й, тыңшэ, көрэп тұрған жоқсың ба нэ? Эдэн су-су ғой!
Ш██████: Не? Тыңшы екенімді қалай біліп қойдың?!
SCP-1973-J: Хаттаманың үстіндэ жазіліп тұр ғой.
<ЖАЗБАНЫҢ СОҢЫ>

