SCP-173 - Мүсін
  • rating: +8+x

Нысан №: SCP-173.

Нысан тобы: Евклид.

Қауіпсіздік Ұстап Сақтауы: SCP-173 нысаны үнемі жабық контейнерде сақталуы керек. Қызметкерлер SCP-173-тің контейнеріне кемінде үш адам болып кіруі керек және есік олардың артынан дереу құлыпталуы қажет. Екі адам барлық қызметкерлер контейнерді босатып, есікті құлпыламағанша SCP-173-пен үнемі тікелей көз байланысын сақтауы керек.

Сипаттама: 19-аймаққа 1993 жылы әкелінген. Шығу тегі әлі белгісіз. Krylon маркалы бүріккіш бояудың іздері бар бетон мен арматурадан жасалынған. SCP-173 жанды және өте дұшпан. Нысанға біреу қарап тұрғанда қозғала алмайды. SCP-173-пен жұмыс істегенде көз байланысын ешқашан үзбеу керек. Контейнерге кіруге тағайындалған қызметкерлер жыпылықтау алдында бір-бірін ескерту керек деп нұсқау берілген. Нысан бас сүйегінің түбіндегі мойынды сындыру немесе тұншықтыру арқылы шабуыл жасайды деп хабарланды. Шабуыл болған жағдайда қызметкерлер 4-топтық ұстау процедураларын орындауы тиіс

Контейнердің шінде ешкім болмаған кезде қызметкерлер одан сықырлаған дыбыстардың шығатынын хабарлайды. Алайда бұл қалыпты болып саналады және осы мінез-құлықтағы кез келген өзгерістерді HMCL кезекшісіне дереу хабарлау керек.

Едендегі қызыл-қоңыр түсті зат нәжіс пен қанның қоспасы болып табылады. Бұл заттардың шығу тегі белгісіз. Нысанды сақтайтын корпус екі аптада бір рет тазалану керек.


« SCP-172 | SCP-173 | SCP-174 »

Unless otherwise stated, the content of this page is licensed under Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 License