Нысан №: SCP-011-KZ.
Нысан тобы: Қауіпсіз.
Қауіпсіздік Ұстап Сақтауы: Қазіргі уақытта 6-аймақтың, қызметкерлер асханасында "шексіз" тіс шұқығыш қорабы болып ашық істетілінеді.
Сипаттама: SCP-011 - бір тіс шұқығыштар қорабы болып табылады. Алғаш рет Қазақстан, Тараз қаласындағы бір асханадан табылды; табылған жағдайы - осы асхананың келушілері өз көздерімен SCP-011-дің өзінен тіс шұқығыш ағаштарын шексіз шығарғанын байқады. Одан тек қораптың ішінде ештеңе жоқ жағдайда, оның төбесін басқанда бір жаңа топ тіс шұқығыш ағаштары шығады. Қор бастапқы кезде мұны асхананың ерекше бағдарламасы деп шара қолданбаған, алайда агент ████ бір белгілі тапсырманы бітіргеннен кейін, ол асханаға кездейсоқ кіріп, тамақтанған кезде, SCP-011-дің ерекшелігі табиғаттан тыс екенін дәлелдеді. Нысанның тағы да басқа ұқсас даналары бар ма белгісіз.
Содан, Қор ол асхананың иесімен құпия түрде байланысқа шықты. Бірақ иесінің берген мәлімдемесі бойынша, оның өзі ол туралы ештеңе білмейтінін айтты.
Қазіргі уақытта өндірушіге қатысты тергеу жүргізілуде.
« SCP-010-KZ | SCP-011-KZ | SCP-012-KZ »


