SCP-005-KZ - Өздік етіс

005.png

SCP-005-тің автопортреті. Нысан біреудің фотоаппаратын қолданбайды, сондықтан өзінің суретін ынталанып сызды.

Нысан №: SCP-005-KZ.

Нысан тобы: Бейтараптандырылған.

Қауіпсіздік Ұстап Сақтауы: SCP-005-тің құжаттамасын тек оның өзі жазып, өзгерте алады.

Нысан д-р Мэрилиннің кеңсесіндегі орындықтардан және 005123-інші нөмірлі D-тобы қызметкерінің сақтау бөлмесінен алынған көрпеден жасалған сақтау камерасында сақталады; камера 6-аймақтың “Евклид” тобындағы нысандарға арналған сектордың дәлізінде қолмен құрастырылып, орналасқан. Бірақ болашақта SCP-005 жаңа айтылған тұлғаларға олардан алынған заттарын қайта иелеріне қайтаратынына уәде береді. Ол үшін өзіне қозы тауып, оны өсіріп, жүнінен көрпе тігеді.

SCP-005 өзі белгілеген уақытта аймақтың асханасына жалғыз барып, өзіне тамақ пісіріп, тамақтануы мүмкін; бірақ жақында ол 6-аймақтың артқы ауласында бақша қазып, сол жерде өзінің көкөністерін өсіріп жатыр. 202█ жылдың маусымында аймақтың асханасының бір шетінде нысан өзі пісірген тамақтарды (мәзірде тек "жібеқұшағы1, бұқтырам2, тоқащы3" бар) қызметкерлерге сатып, ақша табуды бастады.

Жинаған ақшасына 6-аймақтық қасындағы бақшаның жерін заңды түрде сатып алып, оның орнына ағаштар өсіре бастады. Ағаштар өскен соң аймақтың қасында өзіне Застава (-005) құру жоспарда, сол жерде өзін сақтау үшін.

Сипаттама: SCP-005 - ол жалпы тәуелсіздік, эгоорталықтық концепциясының іске асырылған физикалық, шынайы түрі. Нысанның мақсаты өз бетінше өмір сүру, мұның түсінігін оның шыңына барынша көтеру; өзінің өмірінің мәнін табу. Нысан ол келбеті көрікті, ұлттық-нейтральді, агендірлі, гуманоид тәріздес тіршілік иесі. Оның ұзын шашы көгілдір, ал көздері күлгін түсті. Нысанның аномальдық қасиеттері үздіксіз түрде әрқашан активті/белсенді болып табылады. Ол қасиеттің қысқаша сипаттамасы: нысан бәрін өзі істейді; нысанмен қатысты барлық әрекеттер оның өзімен ғана істелінеді. Сондықтан - нысан өз өзін ұстап, сақтауы керек; нысанды тек оның өз-өзі жарақаттай алады; ал бұл қасиеттің заңдары бұзылса - ол заңды бұзған әрекет одан «обсессиялы» әрекетпен кейін ақталады деп саналады.

SCP-005-тің аномальдық қасиетінің әсерін көбеймелі межелік түрінде есептеуге болады. Нысанның өмір бойы барлық әрекеттеріне, шешімдеріне зер салсақ оның "тәуелсіздік концепциясымен" обсессиясы біртіндеп өсіп жатқанын байқауға болады.

Жаңарту: Нысан адам бейнесінен және адамшылықтан бас тартты.









« SCP-004-KZ | SCP-005-KZ | SCP-006-KZ »

Unless otherwise stated, the content of this page is licensed under Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 License