SCP-002-KZ - Өз дүниетанымымнан шегінбен
  • rating: +4+x

Нысан №: SCP-002-KZ.

Нысан тобы: Кетер.

Қауіпсіздік Ұстап Сақтауы: 2013 жылы, 1 қазаннан бастап SCP-002-ні оқшаулауға жауапкершілікті Тау-65 “Қиямет Комиссия” мобильді жедел тобы өзіне алады. Нысан қазіргі сәтте 6-аймақта жасырынып отырғаны белгілі, бірақ сонымен қатар қазір оқшаулау кезінде аймаққа ең минималды ұшар келтіретін стратегия құрылып жатыр. Нысанды ұстау операциясында рұқсат етіледі: атыс қаруларды, категорияларына қарамай, жарылғыш заттарды пайдалану; бөлме, кабинет, секторларды ескертусіз батыл шабуылмен баса-көктеп ену; аймақтың бөлімдерін, секторларын карантинге алу. Этика мәселелерімен немесе басқа сұрақтар туындаған жағдайда толық нұсқаулықтың көшірмесін Аймақтың әкімшілігінен сұрап алыңыз.

Персоналға арналған нұсқаулық: Өз секторіңіздің нысандардың күзеттеуін тапсырып кетілген қауіпсіздік қызметкерлеріне протоколда жазылмаған ерекшеліктерді әлде кеңестерді айтып кетуіңізді сұраймыз. Кейін, барлық қауіпсіздік техникаларын сақтап, B-қақпасынан шығыңыз, сізді қауіпсіздік офицерлері күтіп алады.

Сипаттама: SCP-002 немесе шақыру атымен “Дүр Мұтылған" - бұрынғы Тау-65 МЖТ-ның капитаны, аномальды нысандарды ұстаудағы, әсіресе жалғыз жұмысқа мәжбүр қылатын операциялардағы көптеген жетістіктерімен танымал. 311 жастағы ██████ ████████, азиялық [ДЕРЕКТЕР ЖОЙЫЛҒАН]


‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ “Маусым; не Қорды, не аномалияның бар-жоғын білмегенде. Құдай жолынан тайып, күпіршілік қаупін сезгенде, ал барлық сыйынуларыма қоса сенімшілігім сөне бастағанда, ғылымға уақытым батқанда ойладым — физика заңдарын мойындамайтын тіршілік иесі тек Құдай, немесе Ол мойындамауға рұқсат берген тіршіліктер; ал оларды мен көрсем, маған және адамзатқа олар ескерту белгісі. Бірақ, оларда дұшпандық озбырлық туындаса, олар жойылуға арналған, себебі… кімсің сен, Құдайдың әлемінде ауытқу болатындай, оған зиян келтіретін?..
‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ Ал енді шынын айтқанда - кінәміз бізде, себебі бұл ауытқан тіршіліктердің артында Құдайдың реніші бар:

Мемлекеттің кінәсін,

мемлекетті өсіргеннен ізде.”

‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎ ‎‎ ‎ — “Дүр Мұтылған”


Қосымша 002-A: “Дүр Мұтылған” аномалиямен байланысты болып шықты, сол себепті бұдан былай оған SCP-002 нысан нөмірі тиесілі. SCP-002 әрқашан, тіпті өзінің Қорға, Тау-65 “Қиямет Комиссия” тобында қызмет көрсету сәттерінде де адамнан тыс күштерге ие болған. Бірақ не тобындағы әріптестері, не Қордың қызметкерлері бүл сәтке дейін байқамағаны нысанның антимеметикалық “қорғанысы” болып шықты. SCP-002 қатысқан оқшаулау операцияларында ол қандай ұстау әдістерін пайдаланғаны операцияның соңында ешкімнің есінде жоқ. Тіпті нысанның қашан және қалай Қорға қосылғаны белгісіз, ал ешқандай документте ол аталмаған. Антимеметикалық қорғанысың әлсірегенінің себебі де белгісіз.

Қосымша 002-B: SCP-002 6-аймақтың жертөлесінде, кеудесі ашылған түрінде табылды. Өзін-өзі өлтірушілікке талпынғаны мүмкін. Сыртқы тітіркендіргіштерге реакция білінбейді, организмінің өмірге маңызды функцияларының реттелуі бұзылған; кома күйінде.


« SCP-001-KZ | SCP-002-KZ | SCP-003-KZ »

Unless otherwise stated, the content of this page is licensed under Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 License