SCP қалай жазу керек
rating: 0+x

Қош келдіңдер қатысушылар және жолаушылар.

Алдымен айтамын, SCP жазу үшін еш қашанда "Қалай жазғым келсе солай жазамын." деген ой мен жүрмеңіздер, бұл сайттың берекесін құртады. Ендігі жазған көмектерді ақырын оқы, секіріп оқыма, оқып болғансоң тағы бір рет қайталаңыз, бірақ әрине, бұл сенің еркінің. Ал, кеттік.

Жоспар

А: Басқалар жазған SCP-лары күшті әрі шынайы, бір оқығанда қызығып ішіне кіріп кеткің келеді. Ол неге?

Б: Себебі олар өзі не жазатынын бірден анық біледі, немесе ұзақ уақыт бойы жоспарлайды.

А: Қайтып жоспарлайды? Менің айтпағым, олар не нәрсеге қарап қиялданып жазып шығарады?

Б: Жолда кетіп баражатқан әр көзге түскен нәрсе. Немесе өз қолымен түсірген қызық және бір түрлі суреттеріне қарап бір сәтте ой келеді. Ол көрініс, жануар, өсімдік, зат, адам, ел, мәдениет, құрылыс, ойыншық, аспан, жер, жер асты, дін, діл, құдай т.б. Бұның бәрі ойластыруға болады. Тек керегі сен оның өз негізгі кейпінен адамға зиян табиғидан тыс сипаттап жаратасың.

(Ескертпе: Бірінші ойға түскен ойыңды сайттың сол жақ шетіндегі "Менің жобаларымды" басып сынақ ретінде жазып көр, және қаласаң, Телеграм топқа сілтемесін жібер, бірге ойыңды көрейік.)

Әзілсіз

Ешқашанда жазған нәрсенің ішіне болмайтын әзілдерді қоспа. (Тек сұхбат, мәңгіме-оқиғада болады.)

Сен бұл жерде Қордың қызметкері ретінде бір шынай SCP-дың сипатын, әдетін, сынағын, және сынақ нәтижесін жазып отырмын деп елесдет. (Ресми сөздермен.)

Сурет

Суретты сен SCP-дың бейнесін көрсету мақсатында қосқың келеды. Бірақ сен қайсы сурет болады, қайсы сурет болмайтынын білуің керексің.

1) Болмайтындар

  • Сурет иесінің ескертпесі бар ізі. (Және иесін белгілемеген. Бірақ иесінен рұқсат алуға тырысып көруге болады.)
  • Кітаптан алынған.
  • Әдепсіз суреттер.

2) Болатындар

  • Өзің түсірген.
  • Телегарм топта бөліскен суреттер.
  • Арнайы сурет алатын сайт, мысалы: Wikimedia. Сол жерде өз қалаған суретыңды ізденіп алуыңа болады. Тек алатын суреттің астында қай CC BY-SA __? екенін SCP ескерпесінде жасасың. Ал оны сәл ден соң көрседетін боламын.

Және сен суретті қалай мәтіннің арасына қою, ол үшін былай естейсің:

Алдымен сурет алатын сайтыңнан талдап сақтайсың, бұл қалай айтсада сен үшін ең оңай, иә?

1. Содан, өз жобаңның бетін ашып, түбіне қарай тарт.

2. Қазақшамен жазылған "Файлдар" (Files) - ды бас.

3. "Файлды компьютерден кері жүктеу" (Upload a File from Your Computer) - ды бас.

4. "Файлды таңдау" (Select File) - ды бас.

5. Сақтаған суретіңді талдап шық-та "Ашу" (Open) - ды бас

6. Қосымша: "Қажет болса, кері жүктелген файлдың атын өзгерту" (Rename the uploaded file, if necessary) бұл жерде сен таңдаған суретіңе жаңа ат қоя аласың, артта керек болады.

7. "Жүктеу" (Upload) - ды бассаң болды.


Сурақ: Содан суретті қалай саламын? Нақтыр-ақ пен айтқанда кодысы қалай?

Жауап: Үлгіні бас. Арнай кодысы бар. "(Суреттің жаңа атаған ат)" - деген жердің орныда жазсаң болды. (Ескертпе: 6-ны қараңыз.)

Баға

Баға, яғни оқырмандар сен жағзан нәрсеңды бағалайтын құрал. Ол әр қашанда беттің төбе жағында болуы керек. Еш қашанда сыбайлас бір-бірімен әдейі баға қосу және кемітпеуі керек. Бұл сайт ереже бұзудың бірі. (Телегарм топқа жіберіп бағаландырсаң болады. Әр дайын сені күтеміз.)

1) "+" баға: Егерде жазған нәрсең жақсы бағалармен танымал болса, онда сенің ойың және тіл байлығың әлде қашанда мол деген сөз. Бірақ ешқашанда осы себебтен елді мазақтаушы болма. Әр адам осы сайтта бір-бірін құрметтеу тиіс.

2) "-" баға: Егерде сенің бағаң "-5" - тен төмен болса, өкінішті орай ол жойылады. Бірақта, ол сен өзіңнің жеке жобаңда қалатын болады, және бұл сен жаза алмайсың деген сөз емес, тек арада бір неше жерін оқырмандардың қызықтырғызатын нәрсе қосып ойыңды дамытып жаңа затты арласып жазсаң мүмкін жақсы нәтиже баға ға көтеріледі. (Әлде қашан күрсінбе, бір болмаса екі, екі болмаса үш…)

Талқылау

Әр беттің астында арнайы оқырмандар оқыған нәрсесін талқылайтын жері бар. Әр кім ол жерде өзінің ойын білдіре алады. Бірақ талқылау ол талқылау, сөзге келісіп бір-бірін жақтырмай боқтасу ол еш қашанда болмау тиіс, міндетті түрде сайт әкімші шақыруы керек, немесе өздері сайт пен топтан тыс жерге барып мәселе шешетін болсын. (Тек өзің жазған пікіріңде айта аласың жаман сөзді, оған шеутеу жоқ. Бірақ барынша мәдениетті болайық.)

Белгілер

Жазған нәрсең болсын, аударма болсын, әр қашанда беттің астына сәйкес белгілерды қоюың керексың. Мысалы: Осы беттің ең түбінде "көмек", "сайт" деп жазулы тұр. Әрине, бұлдан басқа тағы көп белгілер бар, оны сен мына жерден аласың. Ал түсіндірмесі мына жерден көресің, жәнеде егер саған керекті белгің жоқ, толық есем жағдайда, сайт әкімшілікке хабарласыңыз. Толтырып беретін болады. (Ескертпе: Тек белгі беттегі бар сөздерді қолдана аласың.)

Зорлық-зомбылық

Егерде біреу сені, немесе жазған нәрсеңді жамандап, ұрысса, бопсаласса, боқтаса, қорқытса, сайт әкімшісілермен хабарласыңыз, бірақ көбі кездерде тек MarilynSadson мен DrKairosh желіде болады. Жауап күте алалмай тұрған жағдайда тұра Телеграмға қосып сөйлессең болады, әкімші барынша жауапты дереу қайтаруға тырысады. Бірақ шынай өмірде осындай жағдайға тап болсаңыз, әкімшіде ештеңке істей алмайды. Ең жақсысы бұндай іс болмай-ақ қойсын. (Ескертпе: Осы мақсатпен әзіл, қалжың болмасын.)

Қызықты сурет және сызушылар

Әр адам сайтта өзі меңгеретін аймақтары бар: Біреулер Қазақ филиалдық жаңа жазба жазатын мықтылар. Біреулер басқа тілдегі жазбалар аудара алатын мықтылар. Біреулер әңгіме жазу жақтан мықтылар. Біреулер сызу жақтан мықты болатындар. Егерде сен өз сызған қызықты SCP-суретіңді жариаландырғың келсе. Онда сайт әкімшіге жіберіңіз олар ары қарай Инстаграм мен Х-ке жіберетін болады.

Қазақ филиалының әлеуметтік жүргізіші:

Unless otherwise stated, the content of this page is licensed under Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 License