SCP-001-KZ - Ғарыш Адамы
  • rating: +2+x

Нысан №: SCP-001-KZ.

Нысан тобы: Кетер.

Қауіпсіздік Ұстап Сақтауы: SCP-001 физикалық түрде оқшаулауға келмейтін аномалиялық объект ретінде тіркелген. Осыған байланысты Қор нысанды тікелей ұстау емес, оның белсенділігін бақылау және ақпараттық таралуын шектеу стратегиясын қолданады.

SCP-001-ге қатысты барлық зерттеу жұмыстары тек 108-Ауданын аумағында жүргізілуі тиіс. Нысанға байланысты барлық құжаттар, сигналдар, спектрлік жазбалар, барлау есептері және бақылау материалдары 108-Ауданның жоғары деңгейлі архивтік секторларында сақталады.

SCP-001 туралы ақпаратқа тек 4-Деңгейлі рұқсаты бар қызметкерлер ғана қол жеткізе алады. Рұқсатсыз мәлімет таратқан, нысан туралы заңсыз ақпарат сақтаған немесе SCP-001 жөніндегі құжаттарды көшірген кез келген субъект дереу қамауға алынып, С деңгейлік амнезиялық препараттармен өңделеді.

Нысанға қатысты барлық сыртқы байланыс арналары тұрақты түрде бақылауда болуы тиіс. Интернет желілерінде, спутниктік архивтерде немесе астрономиялық бақылау жүйелерінде SCP-001 туралы ақпараттың таралуы анықталған жағдайда, ақпаратты жою жөніндегі “Қара Тұман” хаттамасы дереу іске қосылады.

Бақылау және іздестіру хаттамасы

SCP-001 қазіргі уақытта Қордың тікелей бақылауынан тыс деп есептеледі. Нысанның нақты орналасқан жері белгісіз.

Бұрын тіркелген сигналдар мен кеңістіктік ауытқулар нысанының ғарыш кеңістігінің терең секторларында қозғалып жүргенін көрсеткен. Кейбір сигналдар Күн жүйесінен тыс аймақтардан қабылданған. Алайда соңғы уақыттарда нысанға қатысты ешқандай энергия толқыны, радиосигнал немесе кеңістіктік белсенділік анықталмаған.

Қордың нысанмен байланыс орнатуға бағытталған бірнеше әрекеті нәтижесіз аяқталды. SCP-001 жіберілген спутниктік хабарламаларға, кванттық импульстарға және кеңістіктік шақыру сигналдарына жауап бермеген.

Іздестіру әрекеттері

Нысанды анықтау мақсатында 108-Аудан зертханаларында SCP-███ технологиясы негізінде жасалған арнайы жасанды интеллект жүйелері іске қосылды.

Осы технология арқылы құрастырылған роботтық барлау құрылғылары ұзақ мерзімді ғарыштық іздестіру операцияларына бейімделген. Роботтардың басты ерекшелігі — олардың сыртқы қуат көзінсіз ұзақ уақыт жұмыс істей алуы және экстремалды ғарыштық ортада толық функционалдығын сақтау қабілеті.

Қазіргі уақытта бірнеше автономды барлау бірлігі Күн жүйесінен тыс секторларға жіберілген. Операциялардың басым бөлігі [ДЕРЕК ЖОЙЫЛДЫ] мәртебесіне ауыстырылған.

Сипаттама: SCP-001 - шығу тегі белгісіз, сыртқы пішіні антропоморфты (адам тәрізді) ғарыштық тіршілік иесі немесе аномальді костюм. Бастапқы кезде Қорда нысанның сыртқы келбеті туралы ешқандай ақпарат болған жоқ; оның бар екені тек ғарыштан жіберілген аномальді радиосигналдар арқылы ғана дәлелденді.

Нысанның бойында кванттық физика мен патафизиканың (реалдылықты «әңгіме/сюжет» ретінде манипуляциялау) заңдылықтары қатар жұмыс істейді. Нысан кеңістікте белгілі бір траекториямен емес, кванттық ннельдеу (quantum tunneling) арқылы қозғалады. Оның кеңістіктегі орналасу ықтималдығы Шрёдингер теңдеуіне бағынбайды, керісінше патафизикалық бағыттауыштармен өлшенеді:

HY + P (narrative) = EV

{P} — нысанның реалдылықтың «сюжетіне» жасайтын патафизикалық әсері. Ол қатты жылдамдықпен қозғалған кезде Гейзенбергтің анықсыздық принципіне сәйкес физикалық із қалдырмайды, бірден басқа «сюжеттік қабатқа» немесе өлшемге секіреді.

Оның үстіндегі ғарыштық қорғаныс киімі толықтай аномальді Жасанды Интеллектімен (ЖИ) жабдықталған. Бұл костюм физикалық әлемнің заңдарын бұза отырып, иесінің өмірін 24/7 режимінде сақтайды. Костюм оттегі немесе тамақ өндірмейді, ол патафизикалық деңгейде нысанның «аман қалу ықтималдығын» 100%-ға дейін күштеп көтереді. Осының арқасында SCP-001 ғарыш вакуумында, абсолютті нөлдік температурада және қоректенусіз шексіз уақыт өмір сүре алады.

Қосымша 001-KZ.1:

Байқалу хронологиясы және сигналдар


  • 28.02.1985: 108-Ауданға ғарыштан алғашқы белгісіз сигнал келіп түсті. Сигнал кванттық суперпозициялық күйде болғандықтан (бір уақытта бірнеше тілде және кодта таратылған), Қор мамандары оны шифрдан шығара алмады.
  • 14.09.2012: Нысан екінші сигнал жіберді. Бұл жолы кванттық толқын функциясы коллапсқа ұшырап, аудару жұмыстары сәтті өтті. Нысан Қорға мынадай хабарлама жіберді: █████████████. Осы оқиғадан кейін 108-Ауданның бақылаушылары нысанның аномальді бағытқа бет алғанын, содан соң кеңістік-уақыт континуумын жыртып, қатты жылдамдықпен жоғалып кеткенін тіркеді. Ешқандай қалдық іздер байқалмады.
  • ██.██.████: Нысан жер серігі Айдың қараңғы бетінде қайта пайда болды. Ол Ай бетіне қонып, толықтай қозғалыссыз күйге (анабиоз) енді.

Қосымша 001-KZ.2:

«Ай» экспедициясы және зерттеулер

Нысан Ай бетінде 2 апта қозғалыссыз жатқаннан кейін, Қор ғалымдары — Д-р Арман мен Д-р Өмірлісан нысанның табиғатын зерттеу үшін шұғыл жоба бастады.

Журнал жазбасы: Д-р Арман.
Күні: 12.12.2024.
Зерттеу: Жұмыстары Жердегі 108-Ауданнан басталды. Біз Айға адам жіберу тым қауіпті деп шештік, себебі нысанның айналасындағы патафизикалық өріс адамның «сюжетін» (яғни, тағдыры мен болмысын) өшіріп тастауы мүмкін. Мен SCP-[ӨҢДЕЛДІ] технологиясын қолданып, кванттық деңгейде қорғалған шағын роботтар тобын құрастырдым. Бұл роботтар “108-Аудан-B Луна Форпосты” арқылы нысанға жақындап, зерттеу жүргізуі тиіс.

Зерттеу нәтижесі (██.██.2025):

Айға жіберілген роботтардың мәліметтері өз нәтижесін берді. Роботтардың сканерлеуі нысанның скафандры жай ғана металл мен матадан емес, «ықтималдықтардан» тоқылғанын көрсетті. Костюмнің ішінде биологиялық дене бар-жоғы белгісіз, сканер сәулелері визордан (беткі әйнек) өткен кезде кванттық парадоксқа ұшырап, кері қайтады. ЖИ қорғаныс жүйесі кез келген қауіпті алдын ала (оқиға болмай тұрып) сезіп, нысанды басқа кеңістікке көшіруге дайын тұрады. — Д-р Арман.


« | SCP-001-KZ | SCP-002-KZ »

Unless otherwise stated, the content of this page is licensed under Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 License