2070.11.13/ Бейсенбі/ Күн ашық
Бүгін мен CN-999-аймақтың Ұмыту бөліміне ауыстырылдым, біраз қуаныштымын. Бірақ маңайдағыларменен әлі таныс емеспін. Жатақханым да жаңадан ауыстырылды, терезе бар екен, бүткіл Шанхайды көре аламын. Ертең азанда асханаға барып, адамдармен танысайын, бұл жолы жаңа жолдастарменен қанша уақыт бойы шығысамыз екендеші?
2070.11.14 / Жұма / Күн ашық
Бүгінгі жұмысым сол өз орындағы қағаз-деректер мен компьютерімді жаңа жұмыс орнымма көшірдім, сонымен қатар құжаттарымды жинастырдым, жақсы деп айтуға болады.
tips: Ұмыту бөлімдегі адамдар жақсы екен ғой, асханада тамақ жеп отырған кезде Бөлім басқармасыменен кездесіп қалдым, ол меннен сен жаңадан келген әлгі адамсың ба деді, содан маған Ұмыту бөлімде В-Деңгейлік жады жоятын дәріні тұра рұқсатсыз алып кетуге болатынын айтты, кейін менімен таңғы ас ішті. Бөлім басқармасымен бірдем-де әңгімелесіп кеттім, мен жоғарға көтерілетінімді сезе бастадым!
2070.11.15/ Сенбі / Көп бұлт
Кеше түнде қуанғанда ұқтай алмадым. Азанда тағы Бөлім басқармасымен кездесіп қалдым, қолына бұз кофе ұстап алыпты. Ол меннен кеше түнде ұқтайалмадың ба деп сурады, шынымды айтсам, кеше мен ұқтайалмағанымен, оның көгерген қансыз бетіне қарасам, керісінше ол дұрыс ұқтайалмаған сияқты деп ойлаймын.
Бірақ мен әліде шынымды айттым, ойламаған жерден, Бөлім басқармасы өзінің кофесін маған беріпті! Негізінде мен алғаннан ұялдым, тек оның кәбинетіндегі кофе машинасы отыз секундта бір кофе жасай алатынын білгенде, менде қабылдай салдым. Бірақ мен бір-жола жұтпағанымма тәүә деймін, үйткені дәмі өте жаман, дәл аймақ директор таратқан жады күшейтетін жалбыз дәрі сияқты дәмі жаман, тіпті оданда жаман, Бөлім басқармасы осындайды қалай күнде іше алатынына таңқаламын.
Түсте демалған кезде Бөлім басқармасыны көрмедім. Басқарма кеше маған айтқан сөзіне әлі күмәнім бар. Демалу бөлмедегі бірнеше жолдастардан сурадым, олар менің сурағымды қолдайды, бірақ мен оларға неге өздерің бір құмыра алып ісдетпейсіңдер деп сурағанда, олар үнсіз қалды. Қырсық, бұл жақсы іс емес пе?
Бүгін көп жазып қойдым. Жаттым. Ертең кездескенше!
2070.11.17/ Дүйсенбі/ сәл жаңбырлы
Кеше жазбадым, бүгінгімен қосым бірге толтыра салайын. Ұмыту бөлідегі қызметкерлер жексенбі күнінде толық демалыс екен ғой, ал басқа Бөлімдегі қызметкерлерде тек жәрім күн демалыс, неткен жақсы Бөлім.
Бүгін жұмысқа бара жатқан кезде, Бөлім басқармасын көрмедім, қайта демалу бөлмеде темекі шегіп отырған аймақ директорды көрдім. Директор әлі сол жаймен-жай жүретін қалпында. Мен оған осы жаңа Бөлімге келген күндердегі сезгенімді айттым. Ол күлдіде дым деген жоқ. Кейін екеуміз басқа тақырыппен әңгімелестік, ол маған Бөлім басқармасының тері негізінде де ап-аппақ екенін айтты, алаң болма деп. Соңында мен Бөлім басқармасын көрдіңіз бе деп сурадым, ол жоқ деді де орнынан тұрып, кетіп қалды.
Бүгін жазатындай артық қызықты нәрсе жоқ, терезенің сыртында жаңбар жауып жатқан Шанхайдың көрінісі сондай керемет. Ертерек жатайын, жақсы денсаулықпен ғана жақсы жұмыс істей аламын!
2070.11.18/ Сейсенбі/ Күн ашық
Азанда таңғы ас ішіп отырған кезде, Бөлім басқармасы бірдеңке қуалап бара жатқандай, ұшып өтті, сол қолында бұз кофе. Бетіндегі қан түсі тіптен аз, ағарып кетті. Кім біледі түннен бері не істегенін!
Жеккөрінішті, бүгін жолдастар мені тиісті. Екі адам мен жаңадан келді деп өздерінше жұмыстарын маған тастады, 20 нысан сынақтың жұмысы! Бірінші рет артық жұсым істеп уақытымды құрттым. Тіпті оданда жеккөрініштісі - бұны талап еткен дәл Бөлім басқармасының өзі дейді олар! Басқармасы бұндайды ісдеткізіуі мүмкін емес деп ойлаймын! Сенбеймін!
Ертең тағы болмайды деп үміттенемін.
2070.11.20/ Бейсенбі/ Күн бұлтты
Кеше жазуға үлгермеді. Бірақ кеше болған іс шыныменде көп.
Азанда жұмыс орнымма барған кезде, кездейсоқ Бөлім басқармасы кеше маған жұмыстарын тастап кеткен екі адамды ұрсып тұр. Содай рахат! Бірақ кешке қарай олара тағы да мені мазалай бастады, әліде сол өз жұмыстарын маған тастап кетті, бұл жолы 30 нысанның тексеру ақпараты! Мен әрине олардың сөздеріне қулақ аспадым, басымды бұрып, шашымды қайырып, біреуінде жасамай-ақ жұмыстан түсіп жатақханаға қайттым.
Содан, бүгін таңертең Басқармасы келіп кеше берген жұмыстарды жасамай-ақ кетіп қалдың ба деп маған ұрысты. Және түскі бірге дейін жасап болып оған жібер деген бұйрық берді, кешке тағы беретін жаңа жұмыс бар деп айтты. Құрып қана қалғыр!
Мен әйтеу Бөлім басқармасы қандай адам екеніне көзім жетті, ол тіпті бір аптаға шыдай алмай-ақ осылай болып кетті! Бір кофеге бола оның денсаулығына мән беретін мен де ақымақ!
Меніңше ертең барып біраз жады жоятын дәрі алуым керек деп ойлаймын. Директор берген жалбым? Ит білеме он шын-төірік екенін!
Мен енді бұл жерді күдіктене бастадым.
2070.11.21/ Жұма/ Күн ашық
Бүгін болса, онша көңілкүй бұзатындай іс болмады. Бөлім басқармасын көрмедім. Менде оны көргім келмейді.
Мен естіген өсек бойынша - жады жоятын дәріні Бөлім басқармасының кәбинетінен алынады, жұмыстан түскеннен кейін барып көрдім, Басқармасының кәбинтің есігі шала жабылған. Мен ары-қарап, бері-қарап, кіріп кеттім, бір тартпа көзімме түсті, ашсам дәл айтпақтай А, В-деңгейлік жады жоятын құмыраны таптым, дәрі солардың ішінде. Әр біреуінен бір құмыра алып, есікті жауып, жатақханымымма қайттым. Олар қазір менің тартпамда жатыр, ұқтау бұрын бір тал жемекшімін, кеше мен алдыңғы күндегі сәтсіздіктерді ұмытамын. Ооо, иә, айтпақшы, мен бұл бетті жыртып тастауым керек.
Қайырлы түн!
2070.11.22/ Сенбі/ Күн ашық
Азанда таңғы ас ішіп отырған кезде, Бөлім басқармасы бірдеңке қуалап бара жатқандай, ұшып өтті, сол қолында бұз кофе. Бетіндегі қан түсі тіптен аз, ағарып кетті. Кім біледі түннен бері не істегенін!
Жеккөрінішті, бүгін жолдастар мені тиісті. Екі адам мен жаңадан келді деп өздерінше жұмыстарын маған тастады, 20 нысан сынақтың жұмысы! Бірінші рет артық жұсым істеп уақытымды құрттым. Тіпті оданда жеккөрініштісі - бұны талап еткен дәл Бөлім басқармасының өзі дейді олар! Басөармасы бұндайды ісдеткізіуі мүмкін емес деп ойлаймын! Сенбеймін!
Ертең тағы болмайды деп үміттенемін. Және, мен өзімнің тартпамда бір құмыра жады жоятын дәріні таптым, әсілі Ұмыту бөлімге жұмыс істейтін қызметкерге таратқан-ау деймін. Ұқтау бұрын бір тал ішіп, күндізгі сәтсіздіктерді ұмытатын боламын, ертең сәтті жексенбі өткім келеді. Содан, осы бетті жыртып тастаймын, бәрі өтіпкетсін!
Қайырлы түн! Ұмыту бөлімі сондай керекмет!
2070.11.24/ Дүйсенбі/ Көп бұлтты
Жексенбі күні көңілкүйім жақсы болды, демалу бөлмеде Бөлім басқармасы мен кездестім, онымен бадминтон ойнадым. Жақсы ойнайды екен, бірақ ойнап болғансоң мен ақ-тер, көк термін, ал ол болса, беті тіптен ағарып кетті. Неге?
Бүгін жұмыс орнымма барған кезде, екі адам келіп мені жаңадан келгендіктек бірталай өздерінің тапсырмаларын тастап кетті, тұп-тұра 20 нысанның сынақ қағазы! Артық жұмыс істеп өз уақытымды бекер құрттым. Ертең тағы болмайды деп үміттенемін. Және де, өз тартпамның ішінде екі құмыра жады жоятын дәріні таптым, әсілі Ұмыту бөлімге жұмыс істейтін қызметкерге таратқан-ау деймін. Ұқтау бұрын бір тал ішіп, күндізгі сәтсіздіктерді ұмытатын боламын. Бірақ осы жақында біреу менің дәптер ішіндегі ақ парағымды жыртқан сияқты, мен істемеймін ондайды, осы істі тергемекшімін. Бірақ негізінде бәрібір, осыны жазып болғансоң да жыртатын боламын, болашаққа күмән қалдырмау үшін.
Қайырлы түн! Ұмыту бөлімі сондай керекмет!
2070.12.1/ Дүйсенбі/ Көп бұлт
Жексенбі күні көңілкүйім жақсы болды, демалу бөлмеде Бөлім басқармасы мен кездестім, онымен бадминтон ойнадым. Жақсы ойнайды екен, бірақ ойнап болғансоң мен ақ-тер, көк термін, ал ол болса беті тіптен ағарып кетті. Неге?
Бүгін жұмыс орнымма барған кезде, екі адам келіп мені жаңадан келгендіктек бірталай өздерінің тапсырмаларын тастап кетті, тұп-тұра 20 нысанның сынақ қағазы! Артық жұмыс істеп өз уақытымды бекер құрттым. Ертең тағы болмайды деп үміттенемін. Мен өзімнің тартпамда екі құмыра жады жоятын дәріні таптым, әсілі Ұмыту бөлімге жұмыс істейтін қызметкерге таратқан-ау деймін, мен оны жаңқалтамымма салып алатын боламын. Ұқтау бұрын бір тал ішіп, күндізгі сәтсіздіктерді ұмытатын боламын.
Және де, мына дәптердіде тартпамда табылды, сонымен ішіндегі бір-екі беттері біреу әдейі жыртқан сияқты, біреудікі-ау деймін, осы істі тергемекшімін. Бірақ негізінде де бәрібір.
Қайырлы түн! Ұмыту бөлімі сондай керекмет!
2070.12.9/ Сейсенбі/ Күн ашық
Бүгін түнде ұқтау бұрын өзімнің тартпамнан осы дәптерді тауып алдым, мен осы дәптерді жақында болған істерді жазбақшымын.
Бріеу менің жаңқалтамымма жады жоятын дәрі бітейін деп баражатқан құмыраны таптым, кім істегенін білмеймін. Жақында да тыныш. Тек тамағым кеуіп тұр, мүмкін бердеңке жегенмін. Иә-ырас, түсте не жеген едім?
Бопты, ертең есімме түсірейін.
2070.12.19/ Жұма/ Күн ашық
Бүгін мен CN-999-аймақтың Ұмыту бөліміне ауыстырылдым, біраз қуаныштымын. Бірақ маңайдағыларменен әлі таныс емеспін. Жатақханым да жаңадан ауыстырылды, терезе бар екен, бүткіл Шанхайды көре аламын. Ертең азанда асханаға барып, адамдармен танысайын, бұл жолы жаңа жолдастарменен қанша уақыт бойы шығысамыз екендеші?
To Dr.Roger
From Dr.Wheelisk
Біздің Бөліммізге жаңадан келген ана бала әліде санақтан өте алмады. Бірінші рет оған кофе берген күнімде, ол тағы сергек болып жүретін еді, бірақ ол бір-екі күнде де шыжай алмай-ақ, оған арнайы жасаған әдісімді көтере алмады. Егер әлгі екі адам ол балаға жұмысты жүктеп оған тастанқызған мен екенімді білдіртпегенде, ол бәлкім шыдай алар еді, сол себептен мен 11. 12 күнінде, оған С-Деңгейінде жадысын жойып, тағы бірет сыраққылдым. Соңғы нәтижесімен алдыңғы реттегі мен салыстырғанда, бұл білдіртпеу мен түк қатысы жоқ екеніне көзіп жетті, тек ол баланың психологиялық сапасы нашар екен.
Негізінде бұндай қысым қайда болсада қалыпты жағдайға жатады, осындай қысымды де көтере алмаса, онда біздей жұмысы ерекше Бөлімде болу өте қиын болады. Біз күнде сынақшы мен кеше бөлінгенін қарап тұрамыз, тіпті ол сынаққа қатысқан адамға айғай-шұғылдырады, біреуі тіпті сөз - сөйлей алмай қалады, және тыныс алу мен жүрек секіру де ұмытып, қалай болса солай сынақ бөлмеде өліп қалатындар да бар. Бұның бәрі жады жоятын дәріні жегендіктен болған әсер, тұра осы адамгершіліксіздіктен, бұл адамды қабылдай алмаймын.
Біз бұл Бөлімде ұмыту үшін емес, осы нәрселерді есте сақтау үшін жұмыс істейміз. Барлық ұмытып кетудің қажеті жоқ, біреу ұмытылған нәрселерді үнемі есте сақтауы керек. Өткенді ұмыту азғыруымен бетпе-бет келгенде, көнбеу керек. Ұмытып қалсақ та, ұмытудың бізге рахат сыйлайтын құралға айналуына жол бере алмаймыз. Ұмытуды құнды ету үшін ұмытудың өзі алға жылжудың естелігіне айналады.
Соңында бір өтінішім бар, осы Бөлімге енді келетін жаңа адамдарға деген қатаң бақылаумен тергеу күшейтуды талап етемін. Бертінде жады жоятын дәрілер бірталайы азайып кетті, ана бала аз жемеген сияқты.

